Назарбаев Қостанай облысының әлеуметтік-экономикалық дамуындағы кемшіліктерді көрсетіп, жылдам шаралар қолдануды талап етті

Кездесуде елбасы атап өткендей, облыс Қазақстан бойынша жиналатын бүкіл дәнді дақылдардың небары 25% ғана жинап отыр, деп хабарлады сәрсенбіде оның баспасөз қызметінен.

Н.Назарбаев атап өткендей, аймақ елдің ауыл шаруашылық өнімдерінің жетекші өндірушісі, соңғы 6 жылда облыстың агроөнеркәсіптік кешеніне елеулі мемлекеттік қолдау көрсетілген.

Президент аймақта бұл саладағы жағдай толықтай қанағаттанарлық емес, деп айтты.

"Ірі малдың басын 400 мыңнан бір жарым миллионға дейін жеткізуге болады", деді ол.

Н.Назарбаев ылғалды үнемдеу технологияларын енгізуден де тиімділіктің ойдағыдай болмағандығын атап өтті.

Президент Арқалық қаласының дамуына назар бөлуді тапсырды, жаңа темір жолының ашылуына орай бұл қаланың келешігі болмақ, жаңа жұмыс орындары ашылмақ.


Елбасы село жастарын жұмысқа орналастыру проблемасын да атап өтті.

Н.Назарбаев басқа да мәселелерге тоқталды, оның ішінде адам өлімі мен туберкулезбен науқастану көрсеткіштерінің тым жоғары екендігі, ауыз сумен, мектепке дейінгі мекемелермен қамтамасыз ету қажеттілігі.

Қазақстан президенті бүкіл аталған мәселелер бойынша шұғыл шаралар қолдану керектегіне назар аударды.