"Біз мұнай химиясы және мұнай өңдеу бойынша бірлескен кәсіпорын құра отырып бұл саланы нығайтуды ұсынамыз", - деді Н. Назарбаев Ресей Федерациясының президенті Дмитрий Медведевпен бірлескен баспасөз мәслихатында.
"Қазақстан мұнайы мен газының негізгі бөлігі Еуропаға Ресейдің құбыр жүйесі арқылы жетеді. Бұған кері үрдіс те бар: біз биыл Ресей мұнайын Қазақстан арқылы Қытайға тасымалдауды жоспарлап отырмыз", - деп еске салды Н. Назарбаев.
Сонымен қатар, екі ел Каспий қайраңында мұнай мен газдың жаңа кен орындарын анықтауда белсенді түрде ынтымақтасуда екендігін атап өтті.
"Энергетикадағы Ресей - Қазақстан ынтымақтастығы стратегиялық сипатқа ие", - деп сөзін түйді Қазақстан президенті.