"Біздің халқымыз Қытай басшылығы тарапынан елімізде болып жатқан барлық оқиғаларды жіті әрі ақниеттілікпен қадағалап отыратындығын жоғары бағалайды", - деді президент.
"Қытай төрағасы еліміз тарихындағы айрықша маңызды күні, біз алғаш рет ел парламентін жаңартылған Конституцияға сәйкес сайлап жатқан күні келіп отыр", - деді ол. "Мәжіліс пен мәслихаттың бүгінгі сайлауы, Конституцияға енгізілген өзгерістер бір ғана мақсатты - ұлттың дамуы мен гүлдене түсуі үшін ел халқының бірлігі мен тұрақтылықты нығайту", - деді мемлекет басшысы.
"Сонымен қатар біз ешкімді қайталамай алға жылжып келе жатқан Қазақстанға ғана лайықты жолды, біздің шараларымызды қолдағаны үшін ризамыз", - деді Н. Назарбаев.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті