Назарбаев сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейтуге шақырды

"Нұр Отан" партиясының аймақтық бөлімшелері жергілікті жерлерде сыбайлас жемқорлықпен тиісінше күресуі қажет және де партияның облыстық және аудандық бөлімшелерінің жанында құрамында осы аймақтарда беделді, әйгілі адамдары бар арнайы кеңестер болуға тиіс",- деп мәлім етті бүгін партияның саяси кеңесінің отырысында сөз сөйлеген президет.

"Партия адал емес шенеуніктерді жұрт алдында лауазымынан аластатып, жазалауды талап етуге тиіс, біз мұны осы күнге дейін қолға алмай отырмыз. Парақорлықпен тек халықпен бірге күресу керек және біздің партия осы күрестің басында тұрғындығын дәлелдеуге тиіс",- деп атап көрсетті ол.

"Кейбір мемлекеттік қызметкерлер мемлекеттік қызметтерін өздерінің бинестерімен жақсы ұштастырып, оған барлық қолдаулар көрсетуде. Жекелеген шенеуніктер қарапайым адамдардың мүдделеріне немқұрайдылықпен қарап, халық алдында өздерінің лауазымдық өкілеттілігін асыра пайдалануда, олардың арасында "Нұр Отан" партиясының мүшелері де кездесуде және осының барлығын адамдар көріп, біліп отыр",- деп қосты мемлекет басшысы.

"Кімнің немен айналысып отырғандығына көз жұмудың қажеті жоқ. Мұндай шенеуніктерді қатаң жазаға тарту қажет. "Нұр Отан" сыбайлас жемқорлыққа байланысқан ірі шенеуніктерді қызметтерінен босатуға бастама көтеруі қажет. Бұл біздің партияның беделін көтереді",- деп санайды Н. Назарбаев.

"Қатардың таза болуы, жеке тұлғалардың парасаттылығы, партияның ішіндегі тәртіп - мұның барлығы өте маңызды аспектілер болып табылады, біздің партияның болашағы осыған байланысты",- деді президент.

Н. Назарбаев, партияның осы әлеуметтік зұлматпен күресу жөніндегі нақты кешенді шараларды қарастыратын "Сыбайлас жемқорлыққа күйрете 10 соққы беру" атты арнайы бағдарламасын қабылдау туралы мәселені пысықтауды" тапсырды.