"Мен өзіме қазақ ұлтының мемлекеттілігін қалпына келтіру бақыты бұйырғанына қуаныштымын. Осындай қиын сәтте халқымның жанынан табылу баға жетпес сыйы үшін мүмкіндік берген тағдырға ризамын. Жаңа, мықты, тәуелсіз, гүлденген Қазақстанның іргетасы қаланды", - деді Елбасы.
Нұрсұлтан Назарбаев осы жылдар ішінде Қазақстан көп қиындықты бастан өткергенін жеткізді. Елбасы қазақ халқының ынтымақ, бірлігінің арқасында бүгінгі күнге қол жеткізгенін айтты.
"Біз соқпақ жолдардан өттік. Нәтижесінде тыныштығы, тұрақтылығы мен бірлігі жарасқан біртұтас ұлт болдық. Халықтың бірлігі кез келген нәрсені жеңуге мүмкіндік береді. Біздің басымызға түскен сынақтарды ынтымағымыздың арқасында еңсердік.Тәуелсіздігіміздің осы басты құндылығын мұқият сақтасақ, жеңістеріміздің тарихы жалғасады", - деп атап өтті республиканың тұңғыш президенті.