Назарбаев Тәжікстан президентімен телефон арқылы сөйлесті

Эмомали Рахмон Тәжікстан халқы Қазақстанның Тұңғыш Президентінің Қазақстан-Тәжікстан стратегиялық серіктестігін ілгерілетудегі тарихи рөлін жоғары бағалайтынын айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы Ақорда сайтына сілтеме жасап.


Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон Нұрсұлтан Назарбаевқа зор денсаулық және алдағы қызметіне табыс тіледі.

Тараптар алдағы уақытта тұрақты байланыстарын жалғастыра беруге уағдаласты.