Назарбаев тез дайын болатын лапша өндірісінен үміт күтеді

Тез пісетін лапша шығаратын қазақ-индонезия бірлескен кәсіпорнын құру екі ел үшін үлкен пайда әкелмек, дейді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев.


           «Біз бірлескен инвестициялық жоғары технологиялық жобаларды жүзеге асыруға қызығушылық танытамыз. Мысалы, Индонезия тез дайындалатын лапша шығару бойынша көшбасшы болып табылады. Бұл жай ғана лапша болып көрінгенімен, соншама индустриялы, қазақстандық ұнмен өзімізде бірлескен кәсіпорын құру екі ел үшін де пайдалы болмақ», - дейді Н.Назарбаев бүгін Астанада Индонезия Президенті Сусило Бамбанг Юдойономен кездесу қорытындысы бойынга бірлескен мәлімдемені оқу кезінде атап көрсетті.
           Біз елімізде жұмыс істегелі отырған индонезиялық бизнеске қолдау көрсетпекпіз, дейді президент.