"Қазақстан президенті 6 маусымда Санкт-Петербург қаласында өтетін ТМД мемлекет басшыларының бейресми кездесуіне РФ президенті Дмитрий Медведевтің шақыруымен қатысады", - деді СІМ өкілі.
Оның айтуынша, саммит барысында мемлекет басшылары ТМД-ын одан әрі дамыту тұжырымдамасын жүзеге асырудың негізгі шаралары жоспарының жүзеге асырылу барысын, соның ішінде ТМД-ның 2020 жылға дейінгі экономикалық даму стратегиясының жобасын жасау барысын талқылауды көздеуде. Сондай-ақ, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларының кешенін жүзеге асыру, 2020 жылға дейінгі көлік саласындағы ынтымақтастықты дамытудың басымдық берілген бағыттарының жобасын жүзеге асыру жайы талқыланады. Тараптар Достастық органдарының іс-қызметін жетілдіру мен гуманитарлық ынтымақтастық мәселелерін қарамақшы.