Бұл туралы тұңғыш президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай мәлімдеді, - деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
«Бүгін Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан» партиясының аймақтық филиалдарының өкілдерімен кездесу өткізуде. Сөз сөйлеу барысында елбасы партия мүшелеріне Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың айналасында топтасып, саяси бағыттың сабақтастығын қамтамасыз ету қажеттігін тағы да ескертті», - деп жазды Үкібай Twitter-дегі парақшасында.