Назарбаев Түркияда Ердоғанмен кездеседі

Бұл туралы Tengrinews.kz Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды. 

Іссапар аясында Түркия президенті Реджеп Ердоғанмен кездесу, сондай-ақ, Түркияның іскерлерімен кездесу жоспарланып отыр.

Бұдан бөлек Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан мен Түркия ынтымақтастығының Үшінші отырысына қатысатыны айтылады.