"Бүгінде біздің институттар $5 млрд қаржыға 76 инвестициялық жобаны жүзеге асырып жатыр. $1 млрд көлемінде қаржыға 41 нысан тұрғызылып, пайдаланылуға тапсырылды", - деп атап өтті Н. Назарбаев.
"Бұл жұмыс менің жеке бақылауымда тұр, біз экономикамыздың шикізат емес бөлігін үнемі ұлғайтамыз, қазір оның жылдық көрсеткіші 7-8 % құрап, қарқынды жылдамдықпен дамуда", - деді ол.
ҚР президенті еске салғанындай, Қазақстанда әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы құрылып, ол бүгінгі күні $700 млн бағаланатын жобаларды іске асырды. "Тағы да $1млрд көлемінде қаржыға 40 жоба жүзеге асырылайын деп тұр ", - деп толықтырды президент.
"Аталған барлық жобаларға украин компаниялары акционер, инвестор ретінде қатысып немесе бірлесе отырып осы жобаларға ие болар еді", - деп есептейді Н. Назарбаев.