Назарбаев Украина бизнесмендеріне Қазақстанның даму институттарының инвестициялық жобаларын жүзеге асыруға қатысуды ұсынды (толықтырылған нұсқа)

"Бүгінде біздің институттар $5 млрд қаржыға 76 инвестициялық жобаны жүзеге асырып жатыр. $1 млрд көлемінде қаржыға 41 нысан тұрғызылып, пайдаланылуға тапсырылды", - деп атап өтті Н. Назарбаев.

"Бұл жұмыс менің жеке бақылауымда тұр, біз экономикамыздың шикізат емес бөлігін үнемі ұлғайтамыз, қазір оның жылдық көрсеткіші 7-8 % құрап, қарқынды жылдамдықпен дамуда", - деді ол.

ҚР президенті еске салғанындай, Қазақстанда әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы құрылып, ол бүгінгі күні $700млн бағаланатын жобаларды іске асырды. "Тағы да $1млрд көлемінде қаржыға 40 жоба жүзеге асырылайын деп тұр ", - деп толықтырды президент.

"Аталған барлық жобаларға украин компаниялары акционер, инвестор ретінде қатысып немесе бірлесе отырып осы жобаларға ие болар еді", - деп есептейді Н. Назарбаев.

Украйина президенті Виктор Ющенко атап өткеніндей, "бүгінгі күні азық-түлік қауіпсіздік тақырыбы әсіресе өзекті ". "Менің пікірімше біздің мемлекеттеріміз үшін өзекті, өйткені мемлекет тарапынан жұмсалатын күштің қомақты бөлігі аграрлық өнеркәсіп нарықтарына және агрария саласын дамытуға бағытталған ", -деп есептейді Украина президенті.

"Біз Қазақстан экономикасына қажетті бірқатар ауыл шаруашылық өнімдерді шығарудың бірегей мүмкіндігіне ие болып отырмыз, сондықтан қазақстан бизнесін бұл салада қарым қатынас жасауға шақырамыз ", - деп қорытындылады ол.