«Өздеріңіз ойлап көріңіздер: сарапшылар Украинадағы ахуалға қатысты не айтса да, оның негізгі себебі әлеуметтік проблемаларда жасырынып жатыр. Кеңес одағының экономикасын білетін адамдар Украинаның Ресейден кейінгі екінші қуатты республика болғанынан хабардар. Ал, қазір Украина экономикасының жалпы көлемі Қазақстан экономикасынан 25 пайыз кем. Олай болмауы тиіс еді. Экономикасы мықты, халқының саны 50 миллионға жақындайтын ел бірінші кезекте экономикамен, содан кейін ғана саясатпен айналысуы тиіс», - деді ол сәрсенбі күні шетелдік дипломатиялық миссия өкілдерімен кездесуде.