Назарбаев: Ұлттық банктің басым міндеті – инфляция өсімі мен теңге бағамының күрт ауытқуына жол бермеу


«Мұнай бағасының төмен болуы және экономикалық өсімнің бәсеңдеуі жағдайындағы қаржы тұрақтылығын қамтамасыз ету Ұлттық банктің басым міндеті болуы тиіс – бұл инфляцияның жоғары деңгейін болдырмау және валюта бағамының күрт ауытқуын болдырмау, экономиканың нақты секторын қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету», - деп Н.Назарбаев бүгін Астанада кеңейтілген үкімет отырысы барысында атап көрсетті.
«Бүгін Ұлттық банк осы мәселелерді шешу үшін барлық шараларды қабылдап жатқанын маған баяндады, Ұлттық банкке сенбеуге менде негіз жоқ», - дейді мемлекет басшысы.
Сонымен қатар, мемлекет басшысы халықты алып-қашпа сөздерге сенбеуге шақырды.
Кроме того, глава государства призвал народ страны не доверять слухам.
«Мен өткен жолы осындай қиын-қыстау кездерде қандай да бір арандату, іріткі салу әрекеттері пайда әкелмейтінін ескерткен болатынмын, ондай алып-қашпа сөз таратушыларды жауапқа тартуымыз керек. Мен Қазақстан халқына ештеңе жасырмайтынымызды тағы мәлім еткім келеді. Егер қиындықтар болса, халықпен бірге көреміз және қиындық келе жатқанын айтамыз. Құры бос сөйлегені болмаса, бұл туралы сіздерге ешкім айтпайды да, ол үшін жауап бермейді де, өсек-аяңға емес, ресми тұлғаларға сену керек. Егер қандай да бір ауытқушылықтар болғанның өзінде, сақтандыру тұстары бар екенін білесіздер», деп президент сөзін түйіндеді.