Назарбаев Университетінің қызметкері обыр ауруын зерттеудің жаңа тәсілін ұсынды

Әнуарбек Өтеғұлов, Astana Business Campus ғылыми паркінің аға менеджері:

- Қазір біз түрлі шараларды өткізіп жатырмыз. Осылайша, инновациядан хабары бар немесе оған қызығатындар қауымын қалыптастыруға септігімізді тигізбекшіміз. Осы жерде олар өздеріне серіктес, пікірлес жанды таба алады. Тың идеялардың тууына үлес қосылады. Жаңа жобалар жүзеге асады. Cеминардың басым бағыттарының бірі биотехнологияға арналды.

Дана Ақылбекова, Назарбаев Университетінің ғылыми қызметкері:


- Менің ұсынып отырғаным – обыр ауруын зерттейтін жаңа тәсіл. Бұл сала физикамен көбірек байланысты дер едім. Сондықтан болар, биологтар мен медицина саласының мамандары бұл тәсілді аса ұната бермейді. Біздің мақсатымыз – обыр ауруына жаңа тәсілмен диагностика жасаудың тиімді әрі оңай екенін көресту. Ол үшін барлығымыз бірігіп хаттама жасауымыз керек.