Назарбаев университінде ақылы оқу жүйесі енгізілуі мүмкін

Бұл туралы «Nazarbaev University» студенттер ісі және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі вице-президенті Қадиша Дайырова хабарлады.

«Біздің университетімізге негізінен Назарбаев интеллектуалдық мектептерінің, Қазақ-түрік лицейлерінің түлектері түседі. Рейтинг бойынша осымен бесінші жыл қатарынан РФММ түлектері бірінші орында келеді. Бұл аталған мектептердегі дайындық деңгейін дәлелдеп берсе керек. Бізде түлектердің бәрі бірдей қабылдау емтихандарын тапсырады», - деді ол бейсенбі күні Астанада «Қазақстан республикасының бірқатар заң актілеріне дербес білім беру ұйымдарының қызметін реттеу мәселелері жөнінде өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын таныстыру барысында.

Қ.Дайырованың айтуынша, қазір университет ақылы білім беру жүйесін енгізу мүмкіндіктерін қарастырып жатыр.

«Осыдан біраз бұрын ақылы оқу жүйесін енгізу мәселесі көтерілген болатын. Бұл мәселе қарадып жатыр, қамқоршылар кеңесінде де қаралған болатын. Негізінде, ақылы оқу енгізіледі. Біз университеттің халықаралық мәртебесі туралы сөз еткенде халықаралық зерттеу университеті атану қажеттігін айтамыз. Халықаралық институционалды аккредитация алу үшін бізде белгілі бір деңгейде шетелдік студенттер де де оқуы тиіс. Әйтпесе, университет ешқашан халықаралық болып таныла алмайды», - дейді ол.

Вице-президенттің сөзіне қарағанда, «әлемдік жоғарғы оқу орындарында оқитын студенттердің 12 пайызын шетелдіктер құрайды».


«Сонымен қатар, біздегі студенттердің 92 пайызы қазақ ұлтының өкілдері. Әлбетте, біз басқа балаларды да оқытқымыз келеді (...). Сол үшін, балалардың ресейлік ЖОО-на кетіп қалмауы үшін қолдан келгеннің бәрін істеуіміз керек деп ойлаймын», - деп қорытты ол.