Назарбаев Зағипа Балиеваны қызметінен босатты

Бұл туралы Baq.kz ақпарат агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Мемлекет басшысының Өкімімен Зағипа Яхияқызы Балиева Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл қызметінен босатылғаны хабарланды.

«Мемлекет басшысының Өкімімен Сәуле Мұханбедианқызы Айтпаева Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл қызметіне тағайындалды», - делінген баспасөз хабарламасында.