Назарбаев жеңімпазға Қазақстанның футболдан суперкубогын табыс етті


Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз қызметі мәлімдеді.
Суперкубокқа Алматының «Қайрат» командасын жеңген «Астана» клубы ие болды. Президент ойынға қатысушыларға табыс тілеп, жеңімпаздарға суперкубокты өз қолымен тапсырды.
Қазақстанның футболдан суперкубогы 1995 жылдан бері ұтысқа қойылған.