Назарбаев Жоғарғы Сот төрағасы Жақып Асановты қабылдады

Бұл туралы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Баспасөз қызметі хабарлайды.

Жоғарғы Сот төрағасы соттардың қызметін жетілдіруге және судьялардың жұмысына деген халық сенімін арттыруға бағытталған 15 заң жобасы әзірленгені туралы баяндады.

Кездесу барысында, сондай-ақ, 2018 жылғы 19 қарашадағы кеңесте берілген тапсырмаларды орындау мәселелері талқыланды.