Назарбаевқа жемқорлармен күресудің жаңа жобасы таныстырылды


Бірақ жемқорлармен күрескер ретінде аты шыққан Оралбай Әбдікәрімовтың Ақордаға келіп, Елбасыға қандай ұсыныс айтқаны белгісіз. Соған қарағанда, тың бастамасын әзірше құпияда ұстап, жақын аралықта жариялауды көздеп отырған секілді. Бір анығы «Жаңару» атты жаңа ұлттық қозғалыстың төрағасы, парақорларға қарсы күресті қазіргіден де күшейтпек. Сондай-ақ бұл ұйым облыстардан бөлімдерін ашып, жемқорлыққа белшесінен батқан мемлекеттік мекемелерді анықтамақшы.