Назарбаевтың немересі астаналық «Локомотив» футбол командасы құрамында өнер көрсетеді

«Біз Айсұлтан Назарбаевты «Локомотив» құрамасына қабылдадық. Егер бас жаттықтырушының рұқсатын алса, ол негізгі құраммен ойын көрсете алады», - деп жұма күні «Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне клбутың баспасөз хатшысы Жамал Тәңгиев мәлім етті.

Оның айтуынша, 20 жастағы А.Назарбаев шабуылшы болып ойнайды.
Бұған дейін А.Назарбаев елорданың «Рахат» клубында өнер көрсетіп, 2005 және 2006 жылдары Қазақстан жастар құрамасымен бірге Еуропа Чемпионатының іріктеу сындарына қатысқан.
Ұлыбританиядағы «Сандхерст» Корольдік әскери академиясында (Royal Military Academy Sandhurst) оқып жүргенде Айсұлтан ағылшын жастарының футбол құрамаларында табысты ойын көрсеткен, деп хабарлайды клубтың ресми сайты.