Назарбаевтың пайымдауынша, Путин үшінші президенттік мерзімге қалуға тиіс

"Бәлкім, менің бұл сөзім Владимир Владимировичке ұнамай қалуы да ықтимал, бірақ мен барша ресейліктерге және Ресей басшылығына, Дума мен үкіметке былай деп мәлімдеймін: сіздердің бәріңіз бірлесе отырып оны өзінің президенттігін үшінші мерзімге ұзартуға итермелеу үшін әрекеттенулеріңіз керек", - деді Н. Назарбаев кеше "Ресей" телеарнасы арқылы таратылған сұхбатында.

"Мен Ресей президенті не себепті өзінің президенттік мерзімін аяқтап, кетіп қалуға тиіс екендігін түсінбеймін", - деді Н. Назарбаев. Қазақстан мемлекет басшысының мәліметінше, Путиннің қазіргі рейтингі 70%-тен асады. "Мұндай бірлесу бұрын-соңды болып па еді? Ал алда тұрған мақсаттар да ұлығаусар. Мен дүниежүзінің Ресейге қалай қарап отырғанын көріп отырмын. Олар үлкен қызғанышпен қарайды. Мен Ресейде қандай ішкі тауқыметтерді шешу қажетігін де біліп отырмын", - деді Н. Назарбаев.

Қазақстан көшбасшысының пайымдауынша, "мұхиттың ар жағындағылар, еуропадағылар не дейді деп қарайлаудың қажеті жоқ". "Президент өзінің халқына және өз мемлекетіне қажетті қадам жасауға тиіс. Өз халқың сені, сенің еңбегің мен оның нәтижесін бағаласа - ең маңыздысы осы, ал басқасының бәрі - далбаса, өйткені, бізді өз халқымыз сайлады. Біз соларға қызмет етеміз", - деді Н. Назарбаев.

Қазақстан президентінің айтуынша, В.Путиннің үшінші мәрте президенттікте қалуы қажеттігі жөніндегі оның пікіріне өңірдегі басқа көшбасшылар да қосылады. "Менің Орталық Азиядағы және Шанхай ынтымақтастығы ұйымындағы әріптестерім маған былай деді: сіз Ресей президентіне жақынсыз, сіз неге оған дәл қазіргідей ел мен халықтың болашақ жырғаулы өмірге деген үміті үкіленіп, тасы өрге домалап тұрғанда кетуге болмайды деп неге айтпайсыз дейді", - деді Н. Назарбаев.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті