"Біз сайлаудың заң шеңберінде өтуін, ешкімге шектеу жасалмауын қолдаймыз",- деді Б.Жұмағұлов.
"Ең алдымен бұл - коммерциялық ұстаным ба, әлде жоқ па дегенді анықтап алу керек",- деп пайымдайды ол. "Баспаханалар кейбір оппозициялық газеттерді басып шығарудан бас тартуда дегенді баспасөзден оқып білдік. Осындай әрбір оқиғаның басын ашып, жан-жақты талдау керек",- деді ол.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, "Свобода слова", "Эпоха" , "Правда Казахстана" сынды кейбір басылымдардың жетекшілері баспаханалар қызмет көрсетуден бас тартуда деп мәлімдеген болатын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті