Назарбаевтың сайлау алдындағы штабы жанар-жағармай бағасын тұрақтандыруға шұғыл шаралар қолдануды талап етеді



"Осынау айрықша маңызды энергетикалық өнім бағасының көктем және күз маусымында қымбаттау құбылыстары бұрын да байқалатын. Алайда дәл бұл жолы жанармайдың бағасы шектен шығып кетті",- делінген мәлімдеме мәтінінде. Бір ғана Шымкентте жанармай таратушы 80 бекеттің 30-ы жанар-жағармай жоқтықтан жұмысын тоқтатты. Жанармай мен солярканың бағасы 30 процентке қымбаттады. Кейбір мәліметтерге сәйкес, ауылдық аудандарда жоғарғы маркалы жанармайдың бағасы 100 теңгеден асып жығылған.
"Шымкентте орналасқан "PetroKazakhstan Oil Products" компаниясының зауытымен әріптестік байланыстағы фирмалар бұны әлемдік нарықтағы мұнай бағасының бір баррелі 62 долларға дейін шарықтай өсуімен байланыстыра түсіндіреді. Жанармай таратушы бекеттер қауымдастығы сарапшыларының пікірінше, жанармай тапшылыққа байланысты қымбаттап барады, ал оның тапшылығын мұнай өңдеуші зауыттардың өзі қолдан жасап отыр",- делінген мәлімдемеде. "Бұған қоса, біздің пікірімізше, отандық тұтынушыларға жанар-жағармай сату мөлшерін авантюраның көмегімен шұғыл азайту - бұған дейінгі барлық келісім-шарттарына қарама-қайшы келеді",- делінген мәлімдемеде.
"Жергілікті билік нарықтағы баға белгілеу саясатына ықпалын жүргізе алмайды. Бірақ билігі сізге сеніп тапсырылған министрлік болса, қандайбір нақты әрекеттерден бойын аулақ ұстап отыр. Осыған қарап энергетика министрі ахуалдан бейхабар және оны лайықты бағалай алмай отыр деген пікір қалыптасады",- делінген В.Школьникке арналған мәлімдемеде.
Сол себепті президенттіктен үміткер Нұрсұлтан Назарбаевты қолдаушы республикалық қоғамдық штаб ҚР энергетика және минералды ресурстар министрлігі мен басқа да тиісті құрылымдардың жетекшілерінен қалыптасқан ахуалға уақыт ұттырмай баға беріп, шұғыл шаралар қолдануды талап етті.

i>Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті