Назарбаевтың тасқынға қатысты мәлімдемесі қостанайлықтарды қуантты

Енді олар бірауыздан көшбасшыға дауыс береміз деп отыр. Сайлаушылар бұған дейін де Елбасыны таңдап отырған. Тасқынға қатысты мәлімдемесінен кейін олардың сенімі арта түсті. Олар кандидаттың өкілдеріне «Басқаның қажеті жоқ» деген пікірін айтты. «Әкім бол, халқыңа жақын бол» деген нақылды мысалға келтіріп, Нұрсұлтан Назарбаевтың кандидатурасын қос қолдап қолдайтындықтарын жеткізді.         

Loading...