Назарбаевтың ұстазы сыйлық таратты

Тұңғыш Президент қорының ұйымдастыруымен өткен шарада Алматы облысының Қарасай ауданындағы 35 мектептен іріктеліп шыққан 53 мұғалім мен 68 оқушы марапатталды. Барлығы білім жарысында оза шапқандар мен спорттық ойындардан және шығармашылық байқауларынан жеңіп шыққандар. Биылғы оқу жылында үздік мұғалімдер он пән бойынша таңдалып алынған. Шара оқушыларды мемлекеттік тест сынақтарына дайындау барысында мұғалімдердің біліктілігін арттыру мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Еркін Исрайылов, Алматы облысы Қарасай аудандық білім беру қорының атқарушы директоры:

-Осы шаралардың мақсаты жастарға қосымша жаттығу ретінде мүмкіншілік беру. Сегіз жылдан бері өткізіліп жатқан шаралардың нәтижесіне қарайтын болсақ, біз өткізетін пән олимпиадаларының жүлдегерлерінің 99 пайызы міндетті түрде грантқа ілігеді.

Loading...