Назарбаевтың жас кезіндегі рөлін сомдаған актер Қазақстанның еңбегі сіңген қайраткері деген атақ алды

Бірқатар қоғам және саяси қайраткерлеріне мемлекеттік сыйлықтар мен құрмет атағын табыс ету салтанаты бүгін Астанада мемлекет басшысының қатысуымен өтті.

Республиканың еңбегі сіңген қайраткері құрмет атағымен марапатталған 15 қазақстандықтың арасында Н.Назарбаевтың жас кезіндегі рөлін сомдаған 29 жастағы актер Нұрлан Әлімжанов та бар.

«Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрмет атағы республика алдында қомақты үлес қосқаны үшін әйгілі мемлекет қайраткерлері мен қоғам қайраткерлеріне, ғылым, мәдениет, өнер, өндіріс , әлеуметтік сала өкілдеріне табыс етіледі.