Назым Қызайбай олимпиадаға іріктеу тирнирінің екінші кезеңіне өтті

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Ұлттық олимпиадалық комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

1/8 айналымға жолдама берер жекпе-жекте  ол Оңтүстік Корея өкілі Джу Хен Чоннан басым түсті.

Қызайбай  бірінші  раундта сенімді жеңіп, екінші раундта қарсылас есепті теңестіруге тырысты. 

Десе де, төрешілер жеңісті Назымға берді. 

Осылайша, Назым Қызайбай іріктеу турнирінің кезекті айналымына өтті.