Назым Қызайбай Париж Олимпиадасына барады

 Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Ұлттық олимпиадалық комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

50 келі салмақта бақ сынаған Назым шешуші айқаста Солтүстік Корея спортшысынан басым түсті.

Айта кетейік, бұл Назымның алғашқы Олимпиадасы болмақ. 

Бұған дейін Валентина Хальзова 75 келіде жолдама иеленген болатын.