NCOC компаниясы Қашағаннан тәулігіне 450 мың баррельге дейін мұнай өндіруді жоспарлауда

«Қазіргі кезде оператор тәулігіне 370 мыңнан 450 мың баррельге дейін мұнай өндіруді ұлғайтудың мүмкіндігін зерттеп, талдау жүргізуде. Сонымен бірге Қашаған кенішінің екінші фазасын игеру және Қаламқас-теңіз, Ақтоты және Қайраң кеніштерін игеру мәселелері қозғалуда», - деді Жақып Марабаев.

Ж.Марабаев осындай ақпараттар бере отырып, қазақстандық өндірушілерді жобаны жүзеге асыруға белсене қатысуға шақырды. Еске сала кетейік, 2014 жылы консорциум жергілікті тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге 900 млн. долларға жуық  қаржы жұмсады. Тұтастай алғанда, 2006 жылдан 2014 жылға дейін осы мақсаттарға 11 млрд. доллардан астам қаржы бөлінді.

Газды қайтадан жер астына айдау орталығы бөлек жоба ретінде қарастырылуда. Ол Қашаған кенішінің номинальдық өнімділігін арттыру үшін шикі газды айдайтын 2 қосымша компрессорды іске қосуды көздейді. 

Еске сала кетейік, қазіргі кезде кеніште 2013 жылғы күзде алғашқы өндіру басталған кезде бірнеше күннен кейін істен шыққан екі құбырды ауыстыру жұмыстары жүргізілуде.