Облыстық сот баспасөз қызметінің хабарлауынша, сот жұма күнгі отырыста осындай шешім қабылдаған.
Сонымен, компаниялардың экономикалық сот шешіміне қатысты үкіміне қатысты жазған аппеляциялық шағымы қанағаттандырылған жоқ.
Осыдан біраз бұрын Атырау облысының аудан аралық мамандандырылған экономикалық сотында NCOC және Agip компанияларының экология департаментінің қоршаған ортаға келтірілген шығынды өтеу туралы өьтінішіне қатысты шағымын қарап шыққан болатын. Сот компаниялардың талабын аяқсыз қалдырды.
Сот шешімі бойынша компаниялардың әр қайсысы Қашаған кенішіндегі апат үшін 134,2 млрд теңге айыппұл төлеуі тиіс.