Бұл туралы Қоршаған ортаны қорғау және су ресурстары министрлігінен хабарлады.
«Атырау облысының экология департаменті North Caspian Operating Company мен AGIP KCO компанияларына өңдеу кешендеріндегі қондырғыларда қышқыл газды жағып, ауаны ластағаны үшін 134,2 млрд теңге өтемақы төлеу туралы ескерту берді», - дейді министрліктегілер.
2013 жылдың 24-қыркүйегінде «Болашақ» мұнай-газ өңдеу зауытында газ құбыры жарылып, ауаға күкірт қышқылы тараған болатын. Апат салдарынан газдың қалғаны Қашағандағы факельдер мен теңіз бетіндегі кешендерде өртелді.