"Не болды енді, пизоор": Осы уақытқа дейін ұлттық киімді кімдер "мазақ етіп" назарға ілікті

Caravan.kz медиа-порталы сондай оқиғалардың бірқатарын  еске түсірііп  көрді.

 

Шырын Нарчаева есімді желі қолданушысы кеудесін қолымен көлегейлеп, жартылай жалаңаш сәукелемен видеоға түсіп, жұрттың ашуына тиген еді. Тіпті, елге белгілі азаматтар пікір білдірді. Алайда, ешқайсысы Шырын Нарчаеваға тоқтау бола алмады. Себебі, ұлттық киімнен кейін қазақтың ұлттық тағамы, теңгесі мен киімін "қорлап" тағы да сынның астында қалған.  

Естеріңізде болса, ғаламторда жалаңаш тәніне ұлттық шапан киіп, суретке түскен жігіттің суреті таралды. Айсұлтан есімді жігіттің бұл әрекетіне қатысты айтқаны елді тіпті, аң-таң еткен. «Шыны керек, шапанды біз тек 22-ші  наурызда болмаса, тойға сый-сияпат беретін кезде еске түсіреміз. Ал басқа күндері ол шаң басып жатады. Неге біз оны  басқаша насихаттамаймыз?», - деді Айсұлтан.

Ал, жартылай жалаңаш суреттерімен танылған Kween-T есімді бойжеткен мұсылмандарға жат
Хэллоуин мерекесін қазақтың ұлттық киімімен қарсы алған
. "Маған: “Неге ұлттық киім кимейсің?” деп жиі сын тағады. Мінеки, қабыл алыңыздар. Барлығы тек сіздер үшін. Ештен кеш жақсы демекші, Хэллоуин құтты болсын", – деп жазды бойжеткен инста-парақшасында.

Атышулы Амилайдың да қазақтың ұлттық киімімен байланысты оқиғасы бар. Дегенімен, бұл үшін Амилай көпшіліктен кешірім сұрады. Трансгендер өзін алып қашқаны туралы желіде жариялаған. Үлкендер оған шашу шашып, жаңа түскен "келінге" ақ орамал таққан. 

Бұл тізімді толықтыруда өнердегі жұлдыздар да қалыспайды. 

Гүлмира Ізбасханованың видеосын көпшілік "қазақтың ұлттық нақыштағы киімінде отырып, ерсі қылықтар көрсетті" деп ұнатпаған. Ал, Гүлмира Ізбасханованың өзі "Бір сызылып қыз болайыншы деп едім маскам ұшып кетті. Не болды, пизоор", - деп жазды.