"Не болды саған, Роза? Мұндайың жоқ еді": Танымал коуч Роза Әшірбаева елден оңбай сөз естіді

Көпшілік одан мұндайды күтпегенін жарыса жазуда, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Айта кетейік, көпке әйел мен ер қарым-қатынасына қатысты өткір пікірлерімен танылған Роза Әшірбаева күне кеше күйеуімен бірге түскен видеосын салып, елдің қызу талқысына түскен еді. Көпшілік оның бұл қылығын құптамаған. Олар түрлі сыни пікірлерін жаудырып жатыр.