«Не болды сонша байының алдына түсіп?»: Күйеуіне сөз бермей, дастарханды «басына көтерген» Қарақат Әбілдина елден оңбай сөз естіді

Бұл жолы көпшілікке өнер иесінің күйеуінің алдына түсіп алып, сөз бермей сөйлеген сәті жақпай қалған, деп хабарлайды Caravan.kz

Қарақат Әбілдинаның дастархан басында сөйлеп отырған сәтін айтыскер ақын Сара Тоқтамысова салған. Онда әншінің ақынның анасына тілек айтып, ақжарма ниетін білдіріп отырған көруге болады. Ал Қарақат Әбілдинаның жанында отырған Қыдырәлі Болманов сол күйі бір ауыз сөз сөйлемеген.

Көпшілікке өнер иесінің бұл әрекеті ұнамай қалған. Олар:

«Жағы жабылмайды, 2 минут даусын естігенге бас ауырып кетеді, өңшең байының алдына түсіп, Кыдекең осының көлеңкесінде қалып кетеді», «Дастархан басында әйелдер сөйлеп отыратын заман болды ғой», «Ер адам отырған жерде , әйел сайрап сампылдап ауыз жаппай сөйлей бермеу керек. Ол күйеуің болсын, бөтен ер азамат болсын, сабырлы , салмақты болған дұрыс шығар дим. Үлкен адамды көбірек тыңдаған дұрыс абзалында» деп жазды олар.


Loading...