«Не болды сонша жабысып»: Әнші Айгүл Иманбаеваның Азамат Сатыбалдыны құшақтап, сүйіп алғаны сәті көптің қызу талқысына түсті

Көпшілік өнер иесінің әдепсіз әрекетін жаппай сынап тастаған, деп хабарлайды Caravan.kz тілшісі.

Желіде тараған видеода мейрамханадағы отырыстардың бірінде Айгүл Иманбаеваның Азамат Сатыбалдыны құшақтап, сүйіп алған сәтін анық көруге болады. Актердің өзі болса сәл қысылып, жан-жағына қарап қалған.

Ал халық ел алдында жүрген өнер иелерінің мұндай ерсі қылығын жақтырмаған. Олар теріс пікірлерін жарыса жазып жатыр.

«Не болды сонша жабысып, ұят қайда осы әртістерде?», «Түүү, бір-бірімен жабысып, осылар-ақ елдің қызу талқысына түсіп жатады екен, ыңғайсыз екен осындай көріп отыру», «Әртістер бұзылып кеткен біздің, ойларына келгенін істеп жүр» деп жазды олар.