Көпшілік олардан қыздарына хиджаб кигізбеуін сұрады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Айдана Меденова өзінің желідегі парақшасына қызына хиджаб кигізіп, онымен әңгімелесіп отырған видеосын жүктеді. Онда тұңғыш қызының басына бас киім киіп, жабық киінгені анық көрініп тұр.
Сонымен бірге, аталған видеода сақал қойған күйеуі де бар. Көпшілік әншінің бұл әрекетін қатаң сынға алып, баланы дінге араластырмауын өтініп сұраған.