Өз фобиясын жеңіп "Астарлы ақиқат" бағдарламасынан көмек сұраған Әселдің жасы қазір он үште. Сегізінші сыныпқа көшкен бойжеткен қорқынышты оқиға туралы анасынан сұрамаған. Себебі есіткісі келмеген қорыққандығын айтады.
Алты айлық кезінде Әсел Сүлейменова жанып тұрған пешке құлап кетіп, жарты беті толық күйіп қалған.
Өзін кінәлі санаған анасы Айсұлу Сүлейменова мен дұрыстап қарасам бұндай жағдай болмас па еді деп өзін әлі күнге жазғыратын сияқты. Әсел өскен соң біраз жерге алып барып емдеткен. Алайда Қазақстанда мұндай операция жасалмайтындығын айтқан.
Айналасындағы қыздар сияқты әдемі болуды армандайтын Әсел болашақтан үмітін үзбейді. Армандар орындалатынына сенеді. Сыныбында үлгілі оқушы, алгебра сабағын жақсы көретіндігін айтты.
Әселдің ұстазы: "Сабақ үлгерімі жақсы. Өмірге деген құштарлығы ерекше. Өзінің көшбасшылық қабілеті бар. Айналасына күліп нұрын шашып жүреді. Ұйымшыл. Барлығымен дос болуға жаны құмар зейінді оқушы"-дейді.
Ендігі Әселдің арманы бетіндегі тыртықтарынан айырылып, басқалар сияқты құлпырып жүргім келеді деп іштегі сырымен бөлісті.
Ота жасату үшін орташа есеппен 25.000 АҚШ доллары керектігін айтады.
Желідегі оқырмандар: "Сен жазылып кетесің әлі-ақ,мойыма", "көп түкірсе көл", "тым жақсы қыз","тағдыр ғой не жазса да көнеміз. Жазылып кет балапан" - деген пікірлер жазуда.