Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Әнші қайғылы жағдайдың орын алғанын өзінің желідегі парақшасында мәлімдеді.
"Ардақты ағайын! Асқартау әкем Раббысына қайтты. Не деген ауыр хабар еді... Қандай жақсы адам едің …", - деп қысқа қайырды ол.
Оқырмандар әкесінің қазасына байланысты әншіге көңіл айтқан. Олар: "Иманы жолдас болсын", "Алла панасына алсын", "Әкеңіздің жаны жанатта болсын" деген тілектерін жаудырып жатыр.