Бұл туралы ол Instagram желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
"Айналайын ағайын.
Кеше тағы үлкен дау шығып Төреғали бауырымыз шулатты.Мен жақтамаймын бауырымды.Кінәлі етіп тапса заң біледі арғы жағын.Бірақ полиция қызметкерлеріне таң қалдым бір азаматқа бәрі жабылып құдды бір ауыр қылмыскерді ұстағандай белсенді жүр.Тас жолға басын жәншіп тізесімен бар салмағын салып езіп тұтқындап жатыр.Кімді байлап,кімді сабап жатыр өз бауырын.Недеген тас жүрек едіңдер жігіттер.Ол аздай сырттан бір бауырлар телефондарын жалаңдатып түсіріп үлгеріп жатыр.Масқаралағанға мәз болып жүр жарандар.Малдыда олай қорламайдығой бауырлар.Оның қасында адассада адамғой,басқандай жолы бар шығар.Бүгін инста жаңалығына жарыса салып жатыр бір қазақтың жаншылып езіліп жатқанын.Заң заңымен бірақ бұлай қорлауға,таптауға болмайды.Өзімізді өзіміз итше таласақ онда құрығанымыз.Бұл бүгігі жасаған ерліктерің шығар,ертең уақыт сағаты келгегде ұялатын боласыңдар.Осы жабылып жүрген азаматтардың балашағасы Төреғалидың әнін жатқа айтатына мен сенімдімін.Өкінішті.Төреғали бауырым еліңе ренжіме.Еркелігіңді көтеретін ел қалмапты.Мықты бол бауырым", - деп жазды Тоқтар Серіков.