Көпшілік шақалаққа аста-төк қымбат зат әперіп, қыз жасауын ұйымдастырғаны үшін, оның ата-анасын қатаң сынға алған, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Бұл туралы Фариза Төреәлі өзінің жеке парақшасында хабарлады. Онда ол:
"Нағашылары сондай керемет дайындалыпты, қыз жасауынан кем түспеді Алла разы болсын. Енді бұл кісілер сені емес немерелерін ойлап тұрадығо иә. Қызымыздың алғашқы мерекесі болған соң жақсылықты молынан жасауға тырыстық. Ата-әжелері екі жақтан бір-бірлеріне сыйларын дайындаса біз де қалыспадық. Олар немерелерін, ал біз олардың жағдайын ойлап жүрміз.
⠀
Әрдайым ата-аналарымызды қуантуды бірінші орынға қоямыз. Қолымыздан келгенше қуантамыз, осы қуанышты күнде ата-енеме жақсылап демалып келсін деп Дубайға жолдама сыйладық. Қашан да қасымыздан табылатын, көңілі кең, ауызын ашса жүрегі көрінетін Тоғжан @toqzhan құрбыма және оның ата-анасына бірге барсын деп Умраға жолдама сый еттік. Анама, жеңгеме, сіңіліме және маған керемет бұйымдар тақты мамам @dariganortaeva4 , рахмет сіздерге", - деп жазды ол.