«Не сұмдық мынау»: Көшенің қақ ортасын қоқыс гүлге толтырғандар жұрттың ашуына тиді (ВИДЕО)

Instagram-дағы танымал парақшалардың бірінде пайда болған видеода ер адамның қаланы қоқысқа толтырғандарды сынап жатқан сәтін көруге болады.

«Ал гүл керек пе? Міне, гүл сіздерге! 8 наурыздан кейінгі қаланың дәл қазіргі жағдайы. Рысқұлов көшесі, мына беті, бәрі гүлге толып қалған. 8 наурыздың құдыреті», - дейді ол.

Желі қолданушылары да мұндай мәдениетсіздікке жол бергендерді қатаң жазалау керектігін айтқан.

«8-ші наурыздың құдіреті деп айтудын қажеті жоқ! Қандай мейрам болсын, мейрам болмасын, шошқа барлық жерде шошқа», «Арттарын жинап кетпегендерге айыппұл салу керек. Не сұмдық мынау», «Қашан мәдениетті болар екенбіз?» деп жазды олар.


Loading...