"Не үшін ол жаққа барғаны белгісіз": Денесі өлі табылған алматылық жігіттің өліміне қатысты туыстары өз шындығын айтты

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Оның айтуынша, марқұмның туыстары оның өз-өзіне қол жұмсағанына сенбейді.

"Марқұм 6 ай бұрын ғана шаңырақ көтерген. Жұбайының аяғы ауыр. Туыстары, Ерзаттың өз-өзін өлтіргеніне сенбейді. Алайда, полиция департаменті мәйіттен ешқандай зорлық-зомбылық белгілері анықталмағанын айтуда. Қаза тапқан жігіттің аталған Космос ауылында ешбір танысы болмаған. Не үшін ол жерге барғаны белгісіз. Медициналық сараптаманың жауабы да әлі айтылмапты", - деді ол.

Айта кетейік, жас жігіттің өліміне қатысты шындық әлі де беймәлім. Жақындары оның ішпейтінін, шылым шекпейтінін, намазға жығылатынын айтады. Өкініштісі, оның соңында жүкті әйелі қалды. Қазіргі таңда аталған факт бойынша тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.