"Не жандарың ашымайды, не бастарың істемейді": Маңғыстау әкімі өңірдегі су мәселесін шеше алмай отырған шенеуніктер туралы

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Әкім қоластындағыларға су мәселесін 2-3 күнде шешуд тапсырды. Бұл ретте ол шенеуніктерге тіпті сол жерде қонуға кеңес берді.

"Негізінен жазда мынадай проблема болмауы керек еді. Мына жақта отырып алып, анау бүй деді, мынау сүй деді деп отырсыңдар. Сен барып халыққа түсіндіріп көр осыны, анаған былай, мынаған былай деп айттым деп.

Осы жерде столдың басында бүкіл суға жауапты жігіттер мен мамандар отыр. Маңғыстаудың ауыз суына жауаптылардың барлығы осы жерде отыр.

Не сендердің жандарың ашымайды, не бастарың істемейді, екеуінің біреуі. Басқа менің айтатыным жоқ. Егер жеке меншік 2-3 зауыт салынбаса, түсінер едік. Қолдан жасалып жатқан проблема. Анаған былай, мынаған былай айтайын деп едімді естігім келіп отырған жоқ. Терең зерттеу жасау керек, нормативтің бәрін көтеру керек. Кім, не істеді сосын айтасыңдар.

Білмеймін, күндіз-түні басында қонасыңдар ма, 1-2 күннің ішінде мына проблемалардың бәрі жабылатын болсын, не істесеңдер оны істеңдер", - деді әкім.

Айта кетейік, бұған дейін өңір халқы әйгілі Джеки Чанға су мәселесін айтып, шағымданғанын жазған едік.