Қазақстандық Александр Недовесов іріктеудің бірінші раундының матчында түрік теннисшісі Марсел Ильханды - 2:6, 6:3, 6:4 есебімен ұтты. Шешуші сетте Александр 2:2 есебі кезінде брек жасады. Салдарынан түрік жағдайды теңестірді. 4:4 есебі кезінде Недовесов айласын асырып, қарсыласын қайта сүріндірді.
Екінші раундта қазақстандық Федерико Гайо (Италия) - Алдин Сеткич (Босния мен Герцеговина) жеңімпазымен шығады. Қазір теннисшілер екінші сетте ойын көрсетуде, әзірге босниялық - 6:2, 3:1 есебімен алда.