Бұл туралы ол өзінің желідегі парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Журналист Меккедегі арабтардың қазақтар жайлы пікірін жазған.
"Ағайын, дін деген киім бе - осыған жауап беріңіздерші?! Осыдан біраз жыл бұрын Мақсат бауырым Меккенің әкімімен кездескенде әлгі әкім Қағбаның маңында тұрып: “Қазақтар неге арапша киінесіздер? Өздеріңіздің ұлттық тамаша киімдеріңіз бар емес пе? Сіздер осылай араб ұлтына деген жеккөрініш туғызып жүрсіздер”, - дегенін естіп едік. Олар осындағы жұрттың ала-құла болып адасып жүргенін қайдан білсін", - деп жазды ол.