Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Елорданың бұрынғы әкімінің айтуынша, әңгіме құрылысқа тыйым салу туралы емес, оның қарқынын азайту туралы болып отыр.
"Бірақ күрт құлдырау болмауы керек, бұл туралы әкіммен талқыладық. 2020 жылы әкімдікке үш миллион шаршы метр жоспар қойылды, ол орындалды. 2021 жылы - үш миллион 200 мың шаршы метр. Мұны да әкімдік орындады. 3,5 миллион шаршы метрді талқылағанда: "Жоқ, реттеу керек" дедік. Өйткені қазірдің өзінде су мен жылу инфрақұрылымын салу қажет екенін көріп отырмыз. Сондықтан жылу электр орталығы жүктемесін азайтатын, үш ЖЭО құрылысы басталды. Сондай-ақ, ЖЭО-3-тің ұзақ мерзімді құрылысын аяқтау. Сонымен қатар, электр қосалқы станцияларын, кәріз желілерін салу қажет. Бірақ баспанаға сұраныс бар, әсіресе қолжетімді әлеуметтік тұрғын үйге сұраныс бар", - деп түсіндірді Көлгінов.