"Неге бізде бөпе болмайды": Мақсат Базарбаев тоғыз жыл күткен баласы мен әйелі жайлы айтты

Бұл туралы "Талантым-тағдырым" бағдарламасында айтты.

"Қонаққа барғанда басқа достарымыз балаларымен келгенде көзінен байқайсың. "Неге бізде бөпе болмайды" деп жылап қалады", - деген әнші тоғыз жыл балалы болмай жүргенде жұбайын сабырға шақырғанын айтады. 

"Бірақ тоғыз жыл оңай емес. Қазіргі жастар үйленіп, бір жылдан кейін бала болмаса, ажырасып кетіп жатады. Негізі екі жастың ортасына біреу түспесе ажыраспайды", - деген әнші алғашында жұбайы екеуінің арасына түскен адамдардың болғанын айтты. 

"Арамызға түскен адамдар болды, бірақ құлақ асқан жоқпын. "Ой, Мақсат, қыз-қырқынның арасында жүрсің, неге басқа қызды таңдамадың, тастап басқасын ал"- деп жатты. Сонда "менде не шаруаларың бар. Менің отбасым, өз мемлекетім, өзім білемін" дейтінмін. Оған қоса әкем ажыраспа деді. Әкенің айтқаны заң", - деген әнші ажырасу туралы ой болмағанын айтады. 


Қазір Мақсат Базарбаев Аңсар, Айбар, Аят есімді үш ұлдың, Аянат есімді қыздың әкесі.