"Неге мені шал деп мазақтайды, мені оны семіз мәстек демеймін ғой". Осы сөзден кейін ҚХДР Трампты өлім жазасына кесті

Солтүстік кореялық БАҚ-тарды мұнша ашуландырған Дональд Трамптың Оңтүстік Кореяға сапары мен "твиттер" желісіндегі жазбасы.  

"Ким Чен Ын неге мені шал деп мазақтайды, мен оны ешқашан мәстек және семіз демедім ғой? Жарайды, мен оған дос болғым келеді - мүмкін бір күні солай болар", - деп жазған Трамп. 

Мұндай сөздер "Нодон синмун" газеті редакциясының ашуын келтіріп, журналситер Трампты Солтүстік және Оңтүстік Корея шекарасына келуден бас тартқаны үшін қорқақ деп атап, Ким Чен Ынға тіл тигізгені үшін өлім жазасына лайық деп жазыпты. 

"Ол Корей халқын өлім жазасына кескен жиіркенішті қылмыскер ғана екенін білу керек", - деп жазған екен журналистер.