”Неге менің намазым қаза болу керек”: Намазхан студент сабақ кестесіне наразы

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

”Неге биыл университетте сабақтарымызды түстен кейінгі уақытқа қойған? Біз бірінші курста түске дейін оқып, түстен кейін намазға да басқа жұмыстарымызға да үлгеретін едік. Енді осы жылы сабақ 12:50 де басталады. Мен бесін, екінті тіпті үйге келгенше шам намазын да оқып үлгермеймін. Неге менің бүкіл намазым қаза болу керек”, - дейді ол.

Желі қолданушылары жас қыздың бұл мәлімдемесіне қатысты түрлі пікір жазуда.

”Ауғанстанға жіберу керек, мүлде оқымай жүрсін”, “Қазақстан ұнамаса, есік ашық қалқам”, “Жастар үшін дін емес, білім бірінші орында болу керек”, “Осындай жастарды құрту керек”, - деп жазды олар.